Бүгін Павлодар облысына ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Павлодар облысына ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады

Бүгін Павлодар облысына ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады

Бүгін Павлодар облысына жұмыс сапарымен ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов барады, деп хабарлады өңір басшысының баспасөз қызметі.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 412
Фото - Caravan.kz

Павлодарда Үкімет басшысы бұрынғы химиялық зауыттың негізінде салынған «Каустик» АҚ-да болады. Мұнда мұнда мембрандық әдіспен хлор мен каустикалық сода шығарылады. Жобаның құны — 16,2 млрд. теңге. Оған қажетті шикізат облыс аумағындағы тұзды көлдерден алынады.

Павлодардан С. Ахметов Бозшакөл полиметалл кен орнына ат басын бұрады. Онда тау-кен байыту комбинатының құрылысы жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысының жұмыс сапарының жоспары барысында көмір тасу үшін жартылай вагон жасап шығарушы Екібастұз «Қазақстан вагон құрылысы компаниясы» ЖШС-не барып, оның даму келешегімен танысады.


Содан кейін, С. Ахметов инновациялық жобаны жүзеге асырып жатқан бұру бағыттамалары мен темір жол дөңгелектерін өңдейтін зауыт «Проммашкомплект» ЖШС-не барады деп күтіледі.