Ақмола облысының Красный Яр ауылындағы №3 мектепте электр сымдарының тұйықталуы салдарынан төтенше оқиға болды.
Облыстық ТЖ департаментінің хабарлауынша, оқиға дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.
«Өрт тұтана қойған жоқ. Сонда да қауіпсіздік мақсатында 77 оқушы мен мектептің 30 қызметкері эвакуацияланды», — дейді департаменттегілер.