Мемлекет басшысы «Жиырмалық тобы» саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекет басшысы «Жиырмалық тобы» саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек

Мемлекет басшысы «Жиырмалық тобы» саммиті аясында бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Санкт-Петерборда өтіп жатқан «Жиырмалық тобы» саммиті аясында қатысушы мемлекеттердің басшыларымен бірқатар екіжақты кездесулер өткізбек.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 374
Фото - Caravan.kz

Күннің алғашқы жартысында Корея елінің президенті Пак Кын Хемен кездесу жоспарлануда. Бұдан кейін Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберт Азеведумен кездеспек. Сонымен қатар Сенегал Республикасының президенті, Африканы дамыту мүддесіндегі жаңа әріптестік ұйымының төрағасы Маки Саллмен кездесулер өткізілмек.

Анықтама. Ресей «Жиырмалық тобындағы» Ресейдің төрағалығы 2012 жылдың 1 желтоқсанында басталды, саммит-2013 жүргізіліп жатқан жұмыстың басты қорытындысы болып табылады. «Үлкен жиырмалық» саммитіне 20 елдің басшылары, сондай-ақ арнайы шақырылған 6 мемлекеттің және экономика саласындағы ең ірі 8 әлемдік ұйымның жетекшілері қатысуда.

Қазақстан Санкт-Петербор саммитіне ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және ТМД өкілі ретінде шақырылды.