Қазақстанда теракті немесе арнайы операция кезінде көз жұмған лаңкестер тексіздер бейітіне жерленеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда теракті немесе арнайы операция кезінде көз жұмған лаңкестер тексіздер бейітіне жерленеді

Үкімет теракті немесе арнайы операция кезінде көз жұмған террористерді жерлеу тәртібін бекітті.
           Премьер-министр Серік Ахметовтің қолы қойылған қаулы Нормативтік-құқықтық актілердің ақпараттық жүйесі сайтында жарияланды.
           Бекітілген тәртіпке сәйкес, «өздері жасаған террорлық акті кезінде немесе сол актінің алдын алу барысында қаза тапқан қылмысты тұлғалардың мәйіті туыстарына жерлеуге берілмейді және олардың қай жерге жерленгені туралы хабарланбайды».
           Террористер жергілікті бюджет есебінен «тексіздерді қою үшін бөлінген арнайы бейіттерге жерленеді».
           Ал, олардың туыстарына «қаза болғанын растайтын дәрігерлік куәліктің көшірмесі, сот-медициналық сараптама қорытындысы мен марқұмның жеке заттары (қылмыстық іске қажет болмаған жағдайда) беріледі», делінген хабарламада.
           Қаулы ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 321
Фото - Caravan.kz