Мүгедек балаларды азаптаған интернат қызметкері бас бостандығынан айырылды - БҚО - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мүгедек балаларды азаптаған интернат қызметкері бас бостандығынан айырылды - БҚО

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған соты мектеп-интернат тәрбиешісін 1 жылға бас бостандығынан айырды.
           Облыстық прокуратура хабарлағандай, жетім балаларға арналған №15 мектеп-интернаттың бұрынғы тәрбиешісі кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін 1 жылға еркінен айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жылға дейін бала оқытуға тыйым салынды.
           Хабарламаға сүйенсек, 2012 жылы 10-қаңтарда оның «мұғалімнің ақшасын кім ұрлағанын анықтау мақсатында бір оқушыны кеудесін шымшылап азаптағаны» анықталды.
           «Сол күні кәмелетке толмаған тәрбиеленушілердің бірінің қолдарына ыстық үтік басып алған. Зардап шеккен балалардың ақыл-есі кеміс және тілінде мүкіс бар», - делінген хабарламада.

  • 6 Қыркүйек 2013
  • 597
Фото - Caravan.kz

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке толмағандар ісі жөнінде мамандандырылған соты мектеп-интернат тәрбиешісін 1 жылға бас бостандығынан айырды.

           Облыстық прокуратура хабарлағандай, жетім балаларға арналған №15 мектеп-интернаттың бұрынғы тәрбиешісі кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндетін орындамағаны үшін 1 жылға еркінен айырылды. Сонымен қатар, оған 3 жылға дейін бала оқытуға тыйым салынды.
           Хабарламаға сүйенсек, 2012 жылы 10-қаңтарда оның «мұғалімнің ақшасын кім ұрлағанын анықтау мақсатында бір оқушыны кеудесін шымшылап азаптағаны» анықталды.
           «Сол күні кәмелетке толмаған тәрбиеленушілердің бірінің қолдарына ыстық үтік басып алған. Зардап шеккен балалардың ақыл-есі кеміс және тілінде мүкіс бар», — делінген хабарламада.