«Толықтай алғанда, облыс бойынша жетіспейтін медициа қызметкерлерінің саны — 370, оның ішінде Өскемен қаласы бойынша — 150», — деді ол.
Осы ретте Б.Сапарбаев медицина қызметкерлері тапшылығын жою бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға да кеңінен тоқталып өтті. «Біріншіден, біз Семей медицина университетімен сәйкесінше келісімшарт жасаймыз. Екіншіден, Өскемен қаласында арнайы филиал аштық. Үшіншіден, аталған жас мамандарға қажетті барлық жағдайды жасау керек», — деді ол.
Өңір басшысының атап өтуінше, жас мамандарды тұрақтандыру үшін баспанамен қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта Өскеменде салынып жатқан 2 жатақханаға қоныстандыру барысында медицина қызметкерлеріне басымдық берілетін болады.
«Келесі маңызды мәселе әлеуметтік пакет. Біздің әлеуметтік пакет құны 300 мыңнан 500 мыңға дейін тұрады. Оған көлік, бастапқы шығындар кіреді. 2016 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігін толығымен шешуіміз керек. Оған қажетті барлық мүмкіншілік бар», — деді облыс әкімі.