Осылайша, шаңы шыққан операциялық бөлімшеде донорлар қан тапсырып жүр. Құрылыстың басталуына байланысты бұл орталық жұмысын уақытша доғаруы тиіс болған екен. Бірақ санитарлық талаптар өрескел бұзылғанына дәрігерлер бас қатырып жатқан жоқ. Ал мұндай орта өте қауіпті дейді жергілікті СЭС қызметкерлері. Сондықтан санитар мамандар Қан орталығын жабу туралы әріптестерінің үстінен қалалық сотқа шағым түсірді.
Тимур Суқашев, Ақтөбе облыстық Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бас дәрігерінің орынбасары:
— Бір есіктен құрылысшы да жүр шаңдатып, медицина қызметкерлері де жүр. Бәріне бір дәретхана, сондай жағдай. Болмайды ондай ережені бұзып, жұмыс істеуге.