Қарағанды облысында депутаттар сайлаған жаңа ауыл әкімінің басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында депутаттар сайлаған жаңа ауыл әкімінің басы  дауға қалды

Қарағанды облысында депутаттар сайлаған жаңа ауыл әкімінің басы дауға қалды

Қарағанды облысында депутаттар сайлаған жаңа ауыл әкімі шалыс басып, тәртіптік кеңестің талқысына түсті. Бұған ауыл жұртының арызы арқау болған. Тексерістер әкімнің жер телімдерін сұрап келген тұрғындарды бетінен қаққанын анықтады.     

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 390
Фото - Caravan.kz


Қайыржан Тоқышев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің Қарағанды облысы бойынша басқарма бастығы:

— Халықпен дұрыс жұмыс жасамайсың, өтінішке дұрыс қарамайсың, сонымен сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық жасап отырсыз. Міне көріңіздер су жаңа тағайындалған әкімнің жағдайын.  

Темірғали Беркімбаев Өңірік ауылына әкім боп сайланғанына ай толмай жатып-ақ басы дауға қалды. Сөйтсе, бұл мұның осы ауылға басшылық еткен 1 жылдан бері қордаланған шатпағы болып шықты. Жәрдем сұрап келгендерді құр қайтарған, мемлекеттің іс жүргізудің ережелерін елемеген. Осыған қарамастан Шет ауданының депутаттары өткен сайлауда әкімдікке қайтадан Беркімбаевты бекітіпті. Дегенмен оның білмей қалдым, қара басты, қайталанбайды дегеніне кеңес мүшелері жібіп сала берді. Алғашында «орныңнан алып тастаймыз» деген адуыны басылған олар, әкімге ескерту берумен шектелді.