Англияда қамалған таэкондошы елге жуық арада оралмайтын түрі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Англияда қамалған таэкондошы елге жуық арада оралмайтын түрі бар

Англияда қамалған таэкондошы елге жуық арада оралмайтын түрі бар

Ұлыбританияда қамауға алынған қазақ спортшысы елге жуық арада оралмайтын түрі бар. Лондон соты 18 жастағы Азамат Теңізбаевқа қатысты екінші тыңдалымды келер жылдың 6-шы қаңтарына шегіріп тастады. Естеріңізге салсақ, таэквондадан ұлттық құрама сапында Мексикаға әлем чемпионатына аттанған Азамат Ұлыбритания әуежайында 22-ші шілдеде тұтқындалған болатын. Оған ұшақта қасында отырған иран қызына «жыныстық емеурін көрсетті» деген айып тағылған. Бүгін жас спортшы арнамызға сұхбат беріп, шын мәнінде оқиғанын қалай болғанын жеткізді.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz

Бұл – Мексиканың Пуэбла қаласында өткен әлем чемпионатына аттанар алдындағы қазақ таэквондошыларының соңғы дайындығы еді. Бірақ кері қайтар жолда құрама келеңсіз жайтке тап болды. Ұшақ ішінде шетелдік бір азаматша «қазақстандық спортшы «жыныстық емеурін білдірді» деп шу шығарған. Содан әуе кемесі Лондонға қонған сәтте 18 жастағы Азамат Теңізбаевтың қолына кісен салынды. Бүгін бізбен телефон арқылы тілдескен спортшы, шын мәнінде оқиғанын қалай болғанын баяндап берді.

Азамат Теңізбаев:

— Мен шаршап келе жаттым да, ұйықтап кеттім. Сосын ұшақта турбуленттік жағдай болады ғой, сол кезде оянып кеттім. Қарасам, ұйықтап жатып, сол қызға ауып кеткем ғой. Иығым басында, қолым ішінде қалып кеткен ғой. Қолымды алып едім, ана қыз оянып кетті.  Жол серік, ана қызға тиістің бе деді, мен жоқ дедім. Сосын «ноу проблем» деді. Ұшақтың ішіне 3-4 полиция кіріп келе жатты. Сосын мені алып кетті.

Осыдан кейін жас спортшы бірден темір торға тоғытылған. Ал өзге 10 спортшы мен 4 бапкер елге оралыпты. Жат елде жалғыз қалған баласының артынан кейін шырылдап анасы аттанды. Сөйтіп, 23-ші тамызда соттың бірінші тыңдалымы өткен еді. Жеке адвокат жалдап, қазір спортшының кінәсіздігін дәлелдеуде. Бірақ кеше ағылшын соты келесі тыңдалымды қаңтардың 6-на шегіріп тастады.


Жазира Тілешева, Азамат Теңізбаевтың анасы:

— 24-ші қазанда кішігірім сот болады. Қазір баланы кінәсіз деп қарап жатыр ғой. Соған құжаттар жинайды. Негізгі сот 6-шы қаңтарда өтеді. Бірақ сот айтты, егер бос күндері болса, тыңдалымды жақындатуы мүмкін.

Ал елде Азаматты әкесі мен қос бауыры күтіп отыр. Сондай-ақ, бапкерлері де шәкіртінің бостандыққа шығарына үмітті. Келеңсіздікке тап болды екен деп, клубтан да шығармақ емес. 

Сұлтанмахмұд Шоқпытов, «Барыс» таэквондо клубының вице-президенті:

— Қандай жағдай болса да, Қазақстанға келген соң біздің ойымызша ол жаттығу жағынан болсын, істей алмай қалған жұмыстарын орындайды. Болашаққа үлкен сенім артып жүрген спротшымыз.

23-ші тамызда өткен бірінші тыңдалымда оның кінәлі екендегіне күмәнданған ағылшын соты істі қайта қарауға жіберген болатын. Сөйтіп, Азаматты 6 мың фунт стерлинг кепіл төлеп, уақытша бостандыққа шығаруға келісім берді. Енді отандасымыз толық ақталғанға дейін тұманды Альбионда бола тұрмақ.