Көкшетауда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен келіншек үйіне оралмаған - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен келіншек үйіне оралмаған

Көкшетауда орманға саңырауқұлақ теруге кеткен келіншек үйіне оралмаған

Көкшетауда орманға саңырауқұлақ теруге кетіп, үйіне қайтып оралмаған 56 жастағы келіншек іздестілуде. Полицейлер мен сарбаздар 6 күннен бері табандарынан тозып, таба алмай жатыр. 

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 480
Фото - Caravan.kz


Светлана Хабушева 4 баланың анасы. Ол қала маңындағы орманнан саңырауқұлақ теремін деп жаяу шыққан. Сол кеткеннен үйіне оралмаған келіншекті балалары кешке дейін күтіпті. Жоғалған әйелдің күйеуінің айтуынша, ол үнемі саңырауқұлаққа жалғыз өзі барады екен. Іздеу операциясы кезінде жоғалған әйелдің киім кешектері мен ішілген арақтың шөлмегі ғана табылыпты.