Өскеменді түтін басып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+32 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өскеменді түтін басып қалды

Өскеменді түтін басып қалды

Тынысты тарылтатын лас ауа осымен үшінші тәулікке жалғасуда. Өйткені апта басынан бері мүлдем жел соқпаған. Осы тымырсық салдарынан қаладағы ірі өндіріс ошақтарынан шығып жатқан түтін тапжылмай тұр.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 418
Фото - Caravan.kz

Салдарынан бүгін таңертеңнен бастап, тынысы тарылып, жүрек-қан тамыры аурулары асқынғандар емдеу мекемелеріне көптеп түсуде. Қаланы тегіс жайлап сейілмей тұрған газдың әсері әсіресе бүлдіршіндерге ауыр тиді. Емханаға балаларын ертіп келгендер бірауыздан сәбилерінің құсып, дене қызулары көтерілгендігін айтуда. Ал синоптиктер жуық арада жел соқпайтынын айтып, жергілікті кәсіпорындарға зиянды қалдықтарды ауаға уақытша тастамауды ескертіпті. Бірақ оған құлақ асқан Өскеменннің мырыш шығаратын алпауыт зауыттары жоқ.


Назым Талғатқызы, Өскемен қаласының тұрғыны:

Газ басқан сайын жөтеліп, түнімен ауырып, құсып, температура көтеріле  береді, дәрі-дәрмек ішіп ауруханадан шықпаймыз. Бала бақшағада көп бара алмаймыз ауырып жатамыз үйде.