«Алматым іңкәрім менің!» музыкалық ретро-фестивалі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым іңкәрім менің!» музыкалық ретро-фестивалі өтті

«Алматым іңкәрім менің!» музыкалық ретро-фестивалі өтті

Еліміздің оңтүстік астанасындағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде ХIV жыл сайынғы «Алматым іңкәрім менің !» музыкалық ретро-фестивалі өтті.

  • 9 Қыркүйек 2013
  • 479
Фото - Caravan.kz

2013 жылғы фестивальдің тақырыбы — «Музыкалық ринг». Керемет шоу «музыкалық жекпе-жек» форматында өтті. Бұл күні сахна төріне Р.Рымбаева, «Жетіген», «Дос Мұқасан», А. Бабаева, Н.Есқалиева, Н. Абдуллин, А. Нұрмағамбетова, О. Гостев, Ж. Серкебаева, Д. Ахмадиева, сондай-ақ «КешYou», «Орда», «Rin'Go» топтары және т.б. шықты.


Фестиваль қонақтары ретінде алматылықтар алдында Sandra, «Army of Lovers», әнші Натали, «Хор Турецкого» арт-тобы және Мартин Эрикссон бастаған атақты «E-type» тобы өнер көрсетті.

Қойылымның бас демеушісі — «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, Алматы қаласының әкімдігі қолдау білдірді. Ал фестивальды ұйымдастырушы КТК телеарнасы.

Перейти к новостям спорта