Біреулер Парижде Вандом алаңында көлікпен зергерлік дүкеннің витринасын бұзып, жалпы сомасы 2 млн еуро болатын әшекейлік бұйымдарды алып кеткен, деп хабарлады "Франс энфо" радиостанциясы.
Оның ақпаратына қарағанда, көлік дүкеннің витринасын бар жылдамдықпен жүріп кеп бұзған, сосын онда қылмыскерлер жүгіріп кіріп, әшекейлерді ұрлап әкеткен.
Артынан тонаушылар бұл көлікті өртеп, өздері басқа көлікке отырып, кетіп қалған.
Полиция бұл оқиғаны тергей бастады.