Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, осыған дейін БҚО соты кеңсесінің басшысы қызметін атқарған Миржан Қадырбаев Орал қалалық №2 сотының судьясы болып тағайындалды. Алтынай Дәулетова мен Нұргүл Танкиева БҚО мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып бекітілсе, Сәкен Құдайбергенов Бөкей ордасы аудандық сотының судьялығына ауысты. Орал қалалық №2 сотының судьясы болған Әмірхан Құлекешев Ақжайық аудандық сотының төрағасы ретінде таныстырылды.