«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінде шетелдік жұлдыздар қазақша ән шырқады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінде шетелдік жұлдыздар қазақша ән шырқады

«Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінде шетелдік жұлдыздар қазақша ән шырқады

Шетелдік өнер жұлдыздары Қазақстанға қоныс аударуға кет әрі емес. Отбасымен Алматыға көшіп келу туралы өз ойларын әлемге танымал әншілер «Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалінде білдірді. Көпшілігін оңтүстік астананың тауы сүйсіндірген екен. Фестиваль қонақтары кеште тілін сындырып, қазақша ән де айтты.           

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 401
Фото - Caravan.kz


«Алматым-іңкәрім менің!» — кілең ретро әндер шырқалатын дәстүрлі фестиваль. Отандық әншілермен қатар, әлем жұлдыздары 80-ші жылдарды еске түсіреді. Бұл жылы думанды кешке Сандра, Е-тайп, Натали, «Арми оф лаверс» сынды атақты топтар арнайы келген. Қала әкімі Ахметжан Есімов құйқылжыта күй шертсе, Сенаттың бұрынғы депутаты Ғани Қасымов әйгілі «Абба» тобының әнін орындады. Әдетте, ақылы өтетін шараға биыл бірінші рет кіру тегін болды. Ретро концерттің телевизиялық нұсқасын КТК арнасы жақында көрсететінін айта кетейік. Ал шараға қолдау көрсеткен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры.