СҚО-да ауданның бас санитар дәрігері парамен ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
СҚО-да ауданның бас санитар дәрігері парамен ұсталды

СҚО-да ауданның бас санитар дәрігері парамен ұсталды

Солтүстік Қазақстанда Тайынша ауданының бас санитар дәрігері 85 мың теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды. Азамат Орынбек бұл қаржыға жол салумен айналысатын фирманың құжаттарына еш тексерусіз қол қойып бермек болған.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 363
Фото - Caravan.kz


«Пара» деген жазуы бар 5 мың теңгеліктер оның қысқа шалбарының қалтасынан шықса да, шенеунік бұл іс сапарға бөлінген қаражат деп бет бақтырар емес. Ол қаржы полициясына шағымданған фирма басшысының көлігінде ұсталды. Бір қызығы жұмыс уақыты бола тұра, ол сезік тудырмас үшін ақша алуға спорттық киіммен келіпті. 34 жастағы Азамат Орынбек ауданның бас санитар дәрігері болып үш жыл бұрын тағайындалған екен.