Алматыда элиталы аудандардың бірі саналатын «Алмагүлде» шу шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда элиталы аудандардың бірі саналатын «Алмагүлде» шу шықты

Алматыда элиталы аудандардың бірі саналатын «Алмагүлде» шу шықты

Алматыда элиталы аудандарының бірі болып есептелетін Алмагүлдің тұрғындары бас көтерді. Жұрт үйлерінің алдында басталғалы жатқан құрылысқа қарсы. Көшеге шығатын жол бойы қоршалып та қойған екен. Әр жерге арызданып ештеңе өндіре алмаған тұрғындар ақыры жол жауып жанайқайларын білдірмек болды.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz


Бірақ бұл наразылық шарасына тәртіп сақшыларынан басқа ешкім назар аудара қойған жоқ. Айта кету керек, дау туғызған 400 шаршы метр аула ішін «МК Инженирик» серіктестігі сатып алыпты. Олар мұнда көпқабатты ғимарат тұрғызбақшы екен. Құрылысқа қарсылық білдіріп, нәтиже шығара алмаған тұрғындар енді қайда барып шағымданарын білмей дал.