Саңырауқұлақ терем деп сол күйі жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Саңырауқұлақ терем деп сол күйі жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

Саңырауқұлақ терем деп сол күйі жоғалып кеткен әйелдің өлі денесі табылды

Көкшетауда орманнан саңырауқұлақ терем деп жоғалып кеткен 56 жастағы әйел өлі табылды. Бір апта бойы аяғынан тік тұрып іздеген полиция оның мәйітін орман емес, тау етегінен тапты.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 326
Фото - Caravan.kz


Светлана Хабушева бұған дейін де қала маңындағы орманнан жалғыз өзі барып, саңырауқұлақ теріп келеді екен. Бірақ бұл жолы қозықұйрық жинауға шыққан 4 баланың анасы үйіне оралмаған. 3-4 күн өте оның киімдері ағаш арасынан табылған болатын. Жанында ішілген арақтың шөлмектері жатыпты. Ал жалаңаш мәйіт 1 аптадан кейін табылып отыр. Тау етегінде жатқан денені құрт-құмырсқа кеміре бастапты.