Д.Бекхэмның ұлы «Арсеналмен» келісім-шартқа тұрды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Бекхэмның ұлы «Арсеналмен» келісім-шартқа тұрды

Д.Бекхэмның ұлы «Арсеналмен» келісім-шартқа тұрды

Лондондық "Арсенал" жасөспірімдер командасының қатарына аты әлемге мәшһүр ағылшын футболшысы Дэвид Бэкхомның ұлы қосылды.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 291
Фото - Caravan.kz

10 жасар Ромео Бекхэм «канонирлер» академиясына түсіп, аталған клубпен келісім-шартқа тұрды, деп хабарлайды РБК.

«Екі ұлым «Манчестер Юнайтедтің» жанкүйері болса, үшіншісі Арсенал десе ішкен асын жерге қояды. Неге олай болғанын түсінсем бұйырмасын?! Бір балам «Челсимен» жаттығып жүр. Одан не шығатынын көреміз», — деп кезінде "Спорт-Экспресс" Бэкхомның сөзін келтірген. Міне, бүгін Ромео үлкен футболға алғашқы қадамын жасап, әкесінің үмітін ақтаған сыңайлы.

«Ол футболға жан-тәнімен берілген. Сол қасиеті үшін мен оны алдым. Бекхом таң атпай осында келеді, содан тыным таппайды. Жас ойыншылар одан үлгі алады, ал ол ағалық танытып, қашан да кеңес беруге дайын тұрады. Жаттығуға ең бірінші келетін де, жаттығудан ең соңғы кететін де сол», — деді лондондықтардың бапкері Арсен Вангер.