Әлемдегі ең үздік мың банктің тізіміне 6 қазақстандық банк енді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемдегі ең үздік мың банктің тізіміне 6 қазақстандық банк енді

Әлемдегі ең үздік мың банктің тізіміне 6 қазақстандық банк енді

«The Banker» халықаралық басылымының «Әлемдегі TOП 1000 банк 2013» («TOP 1000 WORLD BANKS 2013») рэнкингіне 6 қазақстандық банк енді.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 525
Фото - Caravan.kz

Екінші деңгейдегі банктер арасында Қазақстан халық банкі алдыңғы орында тұр. Бұл қаржы институтының баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол елдегі активтер сапасының күрделі болып қала беруіне қарамастан, негізгі қаржы құралдары бойынша тұрақты өсімін көрсете алды. «The Banker» сарапшыларының бағалауына қарағанда Халық банкі пайда мен капиталы жағынан алда келе жатыр. Банк былтырғы жылмен салыстырғанда, биыл өз көрсеткішін 7 сатыға жақсартты. Атап айтқанда, былтыр 381-сатыда тұрса биыл 374-орынға көтеріліп отыр.


Жалпы әлемдің ең үздік мың банкінің көш басында Қытайдың Industrial and Commercial Bank of China (ICBC), АҚШ-тың JPMorgan Chase және Bank of America, Британияның HSBC Holdings және Қытайдың China Construction Bank (CCB) банктері тұр.