«Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфеліндегі шетелдік бағалы қағаздардың үлесі қазір шамамен 10 пайызды құрайды. Бұл жерде жариялы-құқықтық ұйымдар шығарған әрі халықаралық қор биржаларында акциялар мен облигациялар түрінде сатылып жатқан бағалы қағаздар жайлы әңгіме болып отыр. Зейнетақы активтері жеке инвестициялар мен хеджингтік қорлар тәрізді баламалы құралдарға инвестицияланбайды», — деді Г.Марченко Reuters агенттігіне берген сұхбатында.
Сондай-ақ, Ұлттық банк төрағасы қазіргі таңда Ұлттық қордың активтері шетелге инвестицияланып жатқанын, алайда уақыт өте келе ол қаржының бір бөлігі Қазақстандағы қолданыстағы жобаларға салынуы мүмкін екенін айтты. «Бұл ЖЗҚ-ға тиесілі шетелдік бағалы қағаздар үлесінің ұлғаюына алып келуі мүмкін», — деп қосты ол.