Қаржы полициясы жалған банкроттыққа байланысты қылмысты әшкерелеуді жақсартты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қаржы полициясы жалған банкроттыққа байланысты қылмысты әшкерелеуді жақсартты

Қаржы полициясы жалған банкроттыққа байланысты қылмысты әшкерелеуді жақсартты

Қазақстанда 2013 жылы жалған банкроттыққа байланысты қылмысты ішкерелеу саны артты, деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экономикалық және қаржылық қылмысты ашу жөніндегі департамент басшысы Жанат Еламанов мәлімдеді.
           «Соңғы уақытта жалған кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалармен бірігіп, артынан жойылуы белең ала бастады», деп ол бүгін Астанада агенттік жанындағы жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресу мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында атап көрсетті.
           «Бұған жауап ретінде агенттік Қаржы министрлігінің қауқарсыз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетімен және Салық комитетімен бірге бірлескен қаулыға қол қойды. Онда жалған және әдейі банкроттыққа ұшыраудың ерте сатысын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәуекелдік өлшемдер қамтылған. Нәтижесінде биылғы жылы осы санаттағы қылмысты әшкерелеу деңгейі үш есеге артты», - дейді Ж.Еламанов.
           Жалған кәсіпорындардың қайта құрылу және банкроттыққа ұшырауының заңсыз схемасының алдын алу үшін агенттік салықтық тексерулерден кейін ғана заңды тұлғалармен бірігу мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізді.

  • 10 Қыркүйек 2013
  • 435
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда 2013 жылы жалған банкроттыққа байланысты қылмысты ішкерелеу саны артты, деп Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің экономикалық және қаржылық қылмысты ашу жөніндегі департамент басшысы Жанат Еламанов мәлімдеді.


           «Соңғы уақытта жалған кәсіпорындардың жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалармен бірігіп, артынан жойылуы белең ала бастады», деп ол бүгін Астанада агенттік жанындағы жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы күресу мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында атап көрсетті.
           «Бұған жауап ретінде агенттік Қаржы министрлігінің қауқарсыз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетімен және Салық комитетімен бірге бірлескен қаулыға қол қойды. Онда жалған және әдейі банкроттыққа ұшыраудың ерте сатысын анықтауға мүмкіндік беретін жаңа тәуекелдік өлшемдер қамтылған. Нәтижесінде биылғы жылы осы санаттағы қылмысты әшкерелеу деңгейі үш есеге артты», — дейді Ж.Еламанов.
           Жалған кәсіпорындардың қайта құрылу және банкроттыққа ұшырауының заңсыз схемасының алдын алу үшін агенттік салықтық тексерулерден кейін ғана заңды тұлғалармен бірігу мүмкіндігі туралы ұсыныс енгізді.