Көкшетауда азық-түлік дүкенін есірткі саудасының ордасына айналдырғандар ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көкшетауда азық-түлік дүкенін есірткі саудасының ордасына айналдырғандар ұсталды

Көкшетауда азық-түлік дүкенін есірткі саудасының ордасына айналдырғандар ұсталды

Көкшетауда азық-түлік дүкенінде героин сатылған. 35 жастағы екі келіншек жалға алып, саудасын қыздырған нысанның қоймасынан үлкен мөлшерде есірткі табылды. Құрықтау операциясы кезінде олардың бірінің қызы полицияға қарсылық көрсетіп, құжаттарын лақтырып байбалам салды.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 403
Фото - Caravan.kz


Есірткі сатылатын азық-түлік дүкені лицей мен балабақшаның дәл жанында орналасқан. Көкшетаулық полицейлер екі келіншекті тұрмыстық тауарлармен қоса, героинді қатар саудалап тұрған жерінде қолға түсірді. Бірінің 3, екіншісінің шиеттей 4 баласы бар екен. Дүкенді және үйлерін тінту кезінде сатуға дайындалып қойған 300 грамм есірткі тәркіленді. Әйелдердің бірі тіпті героинді балалар кереуетінің астына жасырған.