Путинге қастандық жасамақ болған Пьянзин 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+41 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Путинге қастандық жасамақ болған Пьянзин 10 жылға сотталды

Путинге қастандық жасамақ болған Пьянзин 10 жылға сотталды

Бүгін Ресей соты Путинге қастандық жасамақ болған қазақстандық Илья Пьянзинді 10 жылға бас бостандығынан айыруға үкім кесті. Көрші елдің президентің өлтірмек болғанын отандасымыздың өзі мойындаған еді.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 288
Фото - Caravan.kz


Істің қатаң бақылауда болуына байланысты барлығы жабық есік жағдайында өтті. Бірақ ақпарға қарағанда, Пьянзин жазасын жеңілдету мақсатында тергеушілердің келісімін алып, қылмысын мойындаған екен. Бастапқыда прокурорлар оған 15 жыл кесуді сұрапты. Отандасымызға сондай-ақ Путинге қастандық жасап қана қоймай, қылмыстық топқа қатысы бар, жарылғыш заттарды заңсыз сақтады және тасымалдады деегенде үш айып талғылған. Естеріңізге салсақ, 28 жастағы Орал тұрғынын былтыр сыбайласымен бірге Одессада тұтқындалған еді. Ол қолға түспес бұрын өзі тұрып жатқан пәтерде жойқын жарылыс жасаған. Кейін қос күдіктінің де тапсырманы шешен лаңкесі Доку Омаровтан алғаны белгілі болды.