Ауғанстандағы жарылыс 7 адамның өмірін қиды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстандағы жарылыс 7 адамның өмірін қиды

Ауғанстандағы жарылыс 7 адамның өмірін қиды

 Жолдың жиегіндегі бомбаның жарылуы салдарынан кем дегенде жеті адамның өмірін опат қылды. Атап айтқанда Ауғанстанның оңтүстігіндегі бұл жарылыс жолаушылар автобусын талқандады. Бұл туралы Би-Би-Си хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 287
Фото - Caravan.kz

Автобус Кабулдан елдің оңтүстігіне, яғни Қандағар провинциясына бағыт алған кезде шабуыл орын алғаны белгілі болды. 17 адам жарақатты болды. Әзірге бұл оқиғаға жауапкершілікті ешқайсысы мойнына алған жоқ.

Тілшілердің мәліметіне қарағанда, тәлібтер қауіпсіздік күштері мен билікке шабуыл жасау үшін жол жиегіндегі жарылғыш заттарды жиі пайдаланады. Осының нәтижесінде бейбіт тұрғындар жапа шегеді.