14 қыркүйекте Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+40 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
14 қыркүйекте Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

14 қыркүйекте Астанада ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

14-15 қыркүйекте Астанада еліміздің өңірлерінің апта сайынғы дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкелері басталады. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасынан хабарлады.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 318
Фото - Caravan.kz


Елордалық жәрмеңкеге бірінші болып Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының шаруалары қатысады. Алматы облысы (14 қыркүйекте) төмендетілген бағамен көкөністер, жеміс-жидектер, ет пен сүт өнімдерін сатады. Ал Шығыс Қазақстан облысы (14-15 қыркүйекте) сатып алушыларға бал мен жармалар ұсынады.

Еске салайық, Қазақстанның түрлі өңірлерінен әкелінген өнімдердің осы сияқты ауылшаруашылық жәрмеңкелері дәстүрге айналған және жыл сайын ұйымдастырылады. Өнімдер Астана нарықтарында қалыптасқан орташа бағадан төмен бағамен сатылады. Жәрмеңкеде азық-түлік өнімдерінен басқа халықтық кәсіп пен қолөнер бұйымдары сатылады, сонымен қатар, облыстардың шығармашылық ұжымдарының концерттері өтеді.