Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
+1 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті

Қазақстан халқы тілдерінің XV республикалық фестивалі шеңберінде және облыстық тілдер айлығы аясында Павлодарда Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы драма театрында Оралхан Бөкей атындағы дәстүрлі көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық байқауы өтті.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 1023
Фото - Caravan.kz

Сайысқа 16-20 жас аралығындағы мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Әділқазылардың шешімімен облыстық көркемсөз оқу шеберлерінің арасында Павлодар қаласының үміткері Әлия Әбдірағман екінші орынға ие болса, Павлодар ауданынан қатысқан Майгүл Сахаба үшінші орынға лайық деп танылды.

Бәйгеде өз қарсыластарынан озып, өнер сүйер қауымның құлақ құрышын қандырған Баянауыл ауданының үміткері Рахымберді Әлпеш жеңімпаз атанды. Ол облыстың намысын қорғау үшін Оралхан Бөкейдің туған жері Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында өтетін ақынның 70 жылдығына арналған республикалық додаға жолдама алды.

Қатысушылардың барлығы арнайы диплом, алғыс хат және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


Перейти к новостям спорта