Қазақстанда жыртқыш құстарды өсірумен жалғыз өзі айналысатын "Сұңқар" тәлімбағы сонда өскен бүкіттерді жабайы табиғатқа жіберу бойынша тәжірибені аяқтады.
«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасының ұйымдастырушылары таратқан бүгінгі хабарламаға сәйкес, 5 қыркүйекте төрт эксперименттік бүркіт еркіндікке жіберілген.
Осылайша, Алматы облысында Алматы қаласынан 200 км жерде «Сұңқар» тәлімбағында өсіп-өнген жеті бүркіт мекен етеді.
«8 қыркүйекте біз құстарды ұшырған жерге барып бақылау жасадық және азық қалдырдық. Олар өз бетінше өмір сүріп кеткеніне көзіміз жеткенге дейін екі-үш айдай қамқорлық етпекпіз», — дейді орнитолог Сергей Шмыгалев.
«Өз үлесіңді қос. Табиғатты сақта» жобасы Қазақстанның жабайы табиғатында бүркіттердің көбеюін сақтау мақсатында құрылды. 2012 жылы жазда жүргізілген зерттеу қорытындысы бойынша, Қазақстанның оңтүстігі, оңтүстік-шығысы және шығысында шамамен 650 жұп бүркіт қалған. Бүркіт Қазақстанның Қызыл кітабына енген. Бүкіл әлемде 85 мың жұп бүркіт бар.
"Сұңқар" 1990 жылдардан бастап тәлімбақта өсірілген алуан түрлі 700-ден астам жыртқыш құсты табиғат асына ұшырды.