Оған Ауғанстан, Қырғызстан, Моңғолия, Түркия, Қытай, Ресей, Тәжiкстан, Өзбекстан мен Қазақстан елдерiнен 108 спортшы қатысуда.
Жарыстың сыйақы қоры 20 миллион теңгенi құрап отыр. Бiрiншi орын алған команда — 10 миллион, екiншi орын — 6 миллион, үшiншi орынға ие болған құрама 4 миллион теңгеге ие болмақ.
ҚР Ұлттық спорт түрлерi қауымдастығы ұйымдастырған осынау чемпионаттың салтанатты ашылу рәсiмiнде үлкен мерекелiк қойылым өттi. Онда қазақ ұлтына тән ұлттық дәстүрлер сахналанып, шара аталмыш спорт шеберлерiнiң шеруiмен жалғасын тапты.
Алғашқы матч Қазақстан мен Тәжiкстан құрамалары арасында басталды.