Бұл туралы бүгiн баспасөз мәслихатында ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң ресми өкiлi Нұрдiлдә Ораз мәлiм еттi.
Оның айтуынша, шабуыл Шу ауданы Көктөбе ауылынан 12 шақырым жердегі «Шу-Бурылбайтал» автокөлік жолында орын алған.
"Мемлекеттік нөмірі жоқ «Мазда» және «Ваз-2107» автокөліктеріне мінген белгісіз біреулер «Кентау-Астана» бағытына бет алған рейстік автобусты тоқтатқан. Олар екі жүргізушіні ұрып-соғып, 12 500 теңгені, радиостансаларды және жеке мүліктерді алып кеткен", — деп атап өттi Н.Ораз.
Криминалдық және жол полициясының патрульдік жасағының дер кезінде әрекет етуінің нәтижесінде екі автокөлікті де қолға түсіру мүмкін болды. Қарақшыларды ұстау барысында полиция қызметкері ескерту ретінде аспанға бір рет оқ атқан.
Аталған факті бойынша Жамбыл облысының 8 бірдей тұрғыны құрықталды. Ұрланған заттар тәркіленіп алынды.