«Ашық алаң» (Трибуна) басылымына жабылу қаупі төніп тұр - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ашық алаң» (Трибуна) басылымына жабылу қаупі төніп тұр

«Ашық алаң» (Трибуна) басылымына жабылу қаупі төніп тұр

Қазақстандағы қоғамдық-саяси  «Ашық алаң» (Трибуна) басылымы үш айға жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы газет бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамай мәлім етті.
           «Газетті шығару талаптарын бұзды деген желеумен әкімшілік іс қозғалыпты. Бұл барып тұрған бассыздық! Біздің редакция шілденің 10-ынан бастап тамыздың 20-сына дейін еңбек демалысына кеткен болатын. Біз бұл туралы демалыстың алдындағы соңғы нөмірде оқырмандарға хабарладық. Бірақ, әкімдіктегі шенеуніктер «бізге хабарламадыңдар» деген ілік тауып отыр. Мұндай талап бірде-бір заңда жазылмаған», - деді Ж.Мамай сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
           «Біздің газетті үш айға жауып жатыр. Мұны басылымды түбегейлі жабу деуге болады. Тәжірибе көрсетіп бергендей, көптеген газеттер осылай жабылып қалды. Соңғы кезде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қарқынды түрде тазарту жүріп жатыр. Билікке кедергі келтірген басылымды олар жабады», - деді ол.
           «Ашық алаң» (Трибуна) басылымы билік орындарына қатысты сыни материалдарымен ерекшеленіп жүр.
           Ж.Мамайдың айтуынша, аталған әкімшілік іс бойынша сот отырысы әлі өтпеген.
           Сонымен қатар  ол егер сот газетті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда басылым «Саясат алаңы» деген атаумен шығарыла бастайтынын алға тартты. «Бұл атауды тіркеп қойғанбыз. Бұл газеттің мазмұны да «Ашық алаңмен» бірдей болады. Біз тоқтап қалмаймыз. Баспалар басып шығаруды тоқтатпаса,  газетімізді шығара береміз. Ал егер олар бас тартып жатса,  оны шетелдерден бастырып әкелеміз», - деді Ж.Мамай.

  • 11 Қыркүйек 2013
  • 1294
Фото - Caravan.kz

Қазақстандағы қоғамдық-саяси  «Ашық алаң» (Трибуна) басылымы үш айға жабылып қалуы мүмкін. Бұл туралы газет бас редакторының міндетін атқарушы Жанболат Мамай мәлім етті.


           «Газетті шығару талаптарын бұзды деген желеумен әкімшілік іс қозғалыпты. Бұл барып тұрған бассыздық! Біздің редакция шілденің 10-ынан бастап тамыздың 20-сына дейін еңбек демалысына кеткен болатын. Біз бұл туралы демалыстың алдындағы соңғы нөмірде оқырмандарға хабарладық. Бірақ, әкімдіктегі шенеуніктер «бізге хабарламадыңдар» деген ілік тауып отыр. Мұндай талап бірде-бір заңда жазылмаған», — деді Ж.Мамай сәрсенбідегі баспасөз мәслихатында.
           «Біздің газетті үш айға жауып жатыр. Мұны басылымды түбегейлі жабу деуге болады. Тәжірибе көрсетіп бергендей, көптеген газеттер осылай жабылып қалды. Соңғы кезде тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарын қарқынды түрде тазарту жүріп жатыр. Билікке кедергі келтірген басылымды олар жабады», — деді ол.
           «Ашық алаң» (Трибуна) басылымы билік орындарына қатысты сыни материалдарымен ерекшеленіп жүр.
           Ж.Мамайдың айтуынша, аталған әкімшілік іс бойынша сот отырысы әлі өтпеген.
           Сонымен қатар  ол егер сот газетті тоқтату туралы шешім қабылдаған жағдайда басылым «Саясат алаңы» деген атаумен шығарыла бастайтынын алға тартты. «Бұл атауды тіркеп қойғанбыз. Бұл газеттің мазмұны да «Ашық алаңмен» бірдей болады. Біз тоқтап қалмаймыз. Баспалар басып шығаруды тоқтатпаса,  газетімізді шығара береміз. Ал егер олар бас тартып жатса,  оны шетелдерден бастырып әкелеміз», — деді Ж.Мамай.