Не бары 27 секундтта Златан Ибрагимович Сидельников қақпасының кілтін тапты. Қалған уақытта Мирослав Беранек шәкірттері таразы басын теңестіретін бірнеше мүмкіндікті құр жіберді. “Шахтер” шабуылшысы Сергей Хижниченко ұрымтал тұстан швед қақпасынан айласын асыра алмады. Біздің топтағы өзге матчтарда Германия сырт алаңда Фарер құрамасын 3:0 есебімен ойсыратса, Ирландияны қабылдаған Австрия 1:0 есебімен жеңісті тойлады.
Шайбалы хоккейден Астананың “Барысы” Құрлықтық лиганың екінші айналымынан кейін шығыс конференциясында көш бастады. Алғашқы матчта “Северсталь” командасын тас талқан еткен “Барыс” өз жанкүйерлері алдында кезекті жеңіске жетті.
Бұл жолы Ари Пекка Селин шәкірттері Ярославльдің “Локомотив” командасын ұтты. Кездесуді ширақ бастаған қонақтар есеп ашқан. Көп ұзамай Михаил Рахманов таразы басын теңестірді. Одан әрі Дастин Бойд айдын иелерін алға шығарған. Бірақ ойыншы санының басымдығын сәтті пайдалана білген “Локомотив” ойыншылары есепті теңестіріп ғана қоймай алға шықты. Дегенмен қалған уақытта жинақы ойнаған “Барыс” хоккейшілері Константин Руденко мен Нейджел Доустың көмегімен лайықты жеңіске жетті. Қортынды есеп 5:3 “Барыстың” пайдасында. Ертең қазақстандық клуб петербордың “Ска” командасымен шеберлік байқасады.
Тайбокс –жекпе-жек атаулының ең күрделі және ауыр түрі болып саналады. Спорттың осы түрінен ерекше табысқа жетіп жүрген жерлестеріміздің бірегейі -Дәулет Отарбаев. Әуесқойлар арасында Әлем, Еуропа және Азия чемпионы атанған Дәулет, 2008 жылы ең мәртебелі жарыс Тайланд корольінің кубогын иеленді.
«Әлем файтерс» спорт клубының сарбазы Таbландта қазақтың көк байрағын тағы да желбіретті. Әлемнің үздік кәсіпқойлары бас қосқан турнирде Дәулетке Францияның бірнеше дүркін чемпионы қарсы тұрды. Рейтингілік жекпе-жекте өзінің асқан шеберлігін танытқан Отарбаев қарсыласын техникалық нокаутпен ұтты. 70 келіде өнер көрсеткен Дәулет Отарбаев, енді чемпиондық белбеу үшін таласатын болады.
Дәулет ОТАРБАЕВ, әлем чемпионы, Таbланд королі кубогының иегері:
— Бұл жеңіс маған WMC версиясы бойынша Азия чемпионы атағына таласуға жол ашты. 70 келіге дейінгі салмақта бұл тұжырымның чемпиондық белбеуін әзірге Таbландтың бірнеше дүркін чемпионы иеленіп отыр. Титулдық жекпе-жек өтетін күн әзірге белгіленген жоқ.