Жол полициясы бастығының орынбасарының 50 түрлі көлігі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жол полициясы бастығының орынбасарының 50 түрлі көлігі бар

Жол полициясы бастығының орынбасарының 50 түрлі көлігі бар

Ақтөбедегі жол полициясы басқармасы бастығының орынбасары елуге жуық көлікке иелік етеді. Әсіресе кеңес дәуірі кезінде шыққан темір тұлпарларға Ерлан Алтынбаевтың жаны құмар екен.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 237
Фото - Caravan.kz

Жол сақшысы көңіліндегі көліктердің барлығын сатып алуға қолы жетпесін білгендікітен, 3 жыл бұрын ойыншық машиналарды жинауға кіріскен. Тіпті, әркімнің қолында кетпесін деп, коллекциясын үйде емес, қызметтік кеңсесінде сақтайды. Кеңес заманында шыққан көлік маркаларының ойыншықтарын табуға, достары мен әріптестері көмектеседі екен. Қазір оның коллекциясында «Волга», «Жигулиден» бастап, тіпті автобус пен жедел жәрдемнің де неше түрі бар. Бірақ Ерлан Алтынбаевтың жанына жақыны «Запорожец». Себебі, тоқсаныншы жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан полицей ең алғаш осы темір тұлпарды тақымдаған екен.


Ерлан Алтынбаев, Ақтөбе қалалық ІІД ЖПБ бастығының орынбасары:

— Запорожецтің күшімен өзіміз тіршілік жасап, зат тасып, ақша тапқанбыз. Сол есімде, сол ыстық. Ойым осында. Бірінші машина болғасын ойымнан кетпейді.