Қазақстандық танымал әншілер циркте ойнайтын болды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстандық танымал әншілер циркте ойнайтын болды

Қазақстандық танымал әншілер циркте ойнайтын болды

Еліміздің танымал әншілері циркте ойнайтын болды. Келесі жылы «Алматым-іңкәрім менің!» фестиваліне қатысу үшін эстрада жұлдыздары кемінде 15 метр биіктікте секіріп, жонглерлік өнерді игеруі тиіс. Өйткені думанды шара 2014-ші жылы нақ осы тақырыпта өрбитін болады.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 396
Фото - Caravan.kz

Биылғы ретро кеште әншілеріміз былғары қолғап киіп, рингке шыққан болатын. Музыкалық жекпе-жекте шетелдік атақты әртістер де жұдырық түйістірді. Жеңгені сахна төрінде ән шырқады. Ал келесі жылы «Алматым-іңкәрім менің» ретро фестивалін ұйымдастырушылар әншілерді ат үстіне отырғызып, шынжыр арқанның бойымен жүргізбекші. Жалпы, жоба басталғалы көп әншілер тек ән айтып қана қоймай, өздерін жүргізуші ретінде де танытуда.

Нағима Есқалиева, фестиваль жүргізушісі:

— Менің екінші мамандығым бар. Мен тек қана әнші емеспін, мен жүргіземін. Сондықтан бұл бір жағынан қиын болады. Неге десеңіз, сахнадан залға шығу керек, әншілермен тіл табысу керек. Фестивальге үлкен рахмет, неге десеңіздер, енді мен әнші емеспін, мен енді жүргізушімін.

Ал биылғы мерекелік шараның телевизиялық нұсқасын жақын күндері КТК арнасынан тамашалай аласыздар. Қазір бағдарлама бастан-аяқ монтаждалып жатыр.  Фестивальге «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қолдау көрсеткенін айта кетейік.