Тубдиспансерде өрт шығып, 38 адам тірідей өртеніп кете жаздады - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Тубдиспансерде өрт шығып, 38 адам тірідей өртеніп кете жаздады

Тубдиспансерде өрт шығып, 38 адам тірідей өртеніп кете жаздады

Жамбыл облысы Талас ауданындағы тубдиспансерде шыққан өрт, 38 адамның өмірін жалмай жаздады. Тілсіз жау мекеменің бірінші қабатындағы бөлмеде тұтанған.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 255
Фото - Caravan.kz


Шарпыған жалынның лезде күш алуынан, бас дәрігердің жеке кабинеті және соған жапсарлас орналасқан қабылдау бөлмесі әп-сәтте жанып кеткен. Ұшқыннан ғимараттың екінші қабатындағы науқастар бөлмесі де өртке ораныпты. Ондағы екі емделуші ажалдан құтқарылса, тағы 36 адам қауіпсіз жерге көшірілген. Қазір төтенше жағдайдың себептері анықталуда.