«Протон» зымыранының ұшырылымы кейінге қалдырылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+39 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Протон» зымыранының ұшырылымы кейінге қалдырылуы мүмкін

«Протон» зымыранының ұшырылымы кейінге қалдырылуы мүмкін

Қызылорда облысындағы апаттың зардабы жойылмай жатып, Ресей тағы «Протон» ұшыру ойынан айныр емес. Улы гептилмен қозғалатын ғарыш кемесін көкке көтеруді «Роскосмос» 17-ші қыркүйекке жоспарлап отыр. Бірақ үдеп бара жатқан халықтың наразылығынан сескенді ме, әйтеуір бүгін Қазақстан тарабы қауіпті зымыранның ұшырылымына ресми түрде қарсылығын білдірді.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 295
Фото - Caravan.kz

Қоршаған ортаны қорғау министрі бүгін «Роскосмосқа» осындай  қатал талап қойды. Нұрлан Қаппаров Қызылорда облысына құлаған ғарыш кемесінің зардабы жойылмайынша, келесі ұшырылым туралы ешқандай әңгіме болмауы тиіс деді. Өйткені апат орнында залалсыздандыру жұмыстары толық аяқталмаған. Оның үстіне «Протон» ұшырылғанның өзінде оның тағы қазақ жеріне құламасына Ресей кепілдік бере алмады. «Техниканың аты техника» деп алаңсыз отыр. Ал әзірше бірде-бір «Протон» ұшырылмасын деген Қазақстанның талабына қатысты мардымды ештеңе айтқан жоқ.


Сергей Савельев, «Роскосмос» басшысының орынбасары :

— Ұшырылымды кейінге шегеру туралы ұсынысты басшыларыма жеткіземін. Мүмкін уақытын шегерерміз.