Әлемде гепардтар аттракционы бар жалғыз цирк гастрольмен Астанаға келдi - kaz.caravan.kz
  • $ 512.81
  • 604.19
0 °C
Алматы
2025 Жыл
26 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлемде гепардтар аттракционы бар жалғыз цирк гастрольмен Астанаға келдi

Әлемде гепардтар аттракционы бар жалғыз цирк гастрольмен Астанаға келдi

Елордаға атақты Мәскеулiк Үлкен цирктiң жетекшi актрисасы Дарья Костюк бастаған ресейлiк ұжым гастрольмен келдi.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 400
Фото - Caravan.kz

Олар 14-29 қыркүйек аралығында "Қиял аралы"  атты жаңа бағдарлама ұсынатын болады. Бүгiн Астанада аталмыш ұжым балалар үйлерiнiң тәрбиеленушiлерi мен мүгедек жеткiншектерге арнап алғашқы қайырымдылық қойылымын ұсындыы.

"Астанаға бiздiң бұл алғаш келуiмiз. Бұның алдында бiз Алматы қаласында өнер көрсеткен едiк. Цирк ұжымы туралы айтатын болсақ, жоба тың және жаңа, бiз былтыр құрылған болатынбыз. Астанаға 40 әртiсiмiз келiп отыр. Сонымен қатар бiздiң ұжымда он гепард, он ит, төрт тотықұс, алты мысық және бiр кенгуру бар. Бағдарлама тұтас бiр қойылым iспеттi. Себебi бiз о бастан әрбiр әртiстiң кiшiгiрiм номерлерiмен бөлiнген классикалық цирктен гөрi, ауқымды дүние жасауды мақсат еттiк", — дейдi жоба авторы, цирк жетекшiсi Д.Костюк.

Қойылым расында да күрделi және алуан түрлi. Көрермендер цирк ұжымының үш түрлi манеждегi: кiлемде, мұзда және судағы өнерiн тамашалайтын болады. Аталмыш цирк әлемде гепардтар аттракционы бар жалғыз ұжым. Шоуда ең заманауи техникалық жасақтаулар, компьютерлiк графика, 20 метрлiк фонтандар мен лазерлiк арнайы эффектiлерi қолданылады.

"Бiз үш манежде өтетiн бұл бағдарламаны инженерлермен бiрге жасақтадық. Себебi циркке келген әрбiр көрермен техникалық жарақталған, сапалы әрi нағыз цирктi көруi тиiс", — дейдi ол.


Жобаның сюжеттiк желiсi де теңдессiз және өзiнiң бойына мюзикл, кино, цирк пен бидiң элементтерiн қамтыған. Ұжымның көркемдiк жетекшiсi Д.Костюктiң айтуынша, бұндай сюжет цирк аудиториясын балалармен ғана шектеп қоймай, аталмыш жобаға жастардың да қызығушылығын аударуға септiгiн тигiзген.

Перейти к новостям спорта