ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан сириялық химиялық қаруды халықаралық бақылауға беруді қолдайды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан сириялық химиялық қаруды халықаралық бақылауға беруді қолдайды

ҚР СІМ мәлімдемесі: Қазақстан сириялық химиялық қаруды халықаралық бақылауға беруді қолдайды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Сириядағы жағдай бойынша мәлімдеме таратты.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 391
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан сириялық химиялық қаруды халықаралық бақылауға беру және Сирияны химиялық қаруды жасау, өндіру, жинау,  қолдану және оны жою жөніндегі конвенцияға қосу туралы бастаманы қолдайды. Бұл қадам Сириядағы ұзаққа созылған қантөгісті жанжалды диалог ауқымында шешу үшін нақты алғышарттар болады деп санаймыз.

Қазақстан сирия билігін бастамаларды халықаралық әріптестермен өзара тығыз іс-қимылда жүзеге асыру үшін шұғыл және бәрін жан-жақты қамтыған шаралар қабылдауға шақырады. Біздің еліміз осы дағдарыстық жағдайда әлемдік қоғамдастықтың ұстамдылығын қуаттайды, оған шынайы баға БҰҰ сарапшыларының түпкілікті қорытындылары негізінде ғана берілуі тиіс.

Тұтастай алғанда Қазақстан Сирияның саяси болашағын диалог пен татуласу жолымен белгілеуге және зомбылықты тоқтатуға бағытталған Сириядағы жанжалды реттеу жөніндегі халықаралық конференцияны (Женева-2») тезірек өткізуді жақтайды», — делінген мәлімдемеде.