ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» - «Нефтяник» ойынында булиттің рекордтық соққылары жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 464.86
  • 544.03
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» - «Нефтяник» ойынында булиттің рекордтық соққылары жасалды

ЖХЛ: «Қазцинк-Торпедо» - «Нефтяник» ойынында булиттің рекордтық соққылары жасалды

Жоғары хоккей лигасы аясында Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» екінші рет жеңіске жетті. Бұл жолы олар ресейлік «Нефтяник» құрамасынан басым түсті.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 454
Фото - Caravan.kz

Ойын аса тартысты өтті. Матч барысында бірде «Қазцинк-Торпедо», бірде «Нефтяник» бір шайбамен алға шығып, жанкүйерлердің жүйкесін жұқартты. Бірінші кезеңде біздің хоккейшілер көзге түссе, екінші кезең қарсылас команданың пайдасына шешілді. Ал үшінші кезеңде «Қазцинк-Торпедо» тағы бір шайба соғып, 3:2 есебімен жеңіп жатты. Алайда соңғы минуттарда таразы басы теңесті. 3:3. Қосымша уақытта біздің хоккейшілерде талай мүмкіндіктер болды. «Қазцинк-Торпедо» бір, тіпті екі ойыншыға артық ойнады. Дегенмен, «Нефтяниктің» қақпашысы барлық шабуылдарды шебер тойтара білді. Сосын буллит сериясы белгіленді. Мұнда соңғы жылдардағы ең көп — 18 буллит соққысы жасалды. Жанкүйерлер қақпашылардың аса тартысты бәсекесіне куә болды. Ал Александр Волжанкиннің мергендігі арқасында «Қазцинк-Торпедо» бұл ойында жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 4:3 (Б)


Сонымен, екі ойыннан кейін Өскемен қаласының «Қазцинк-Торпедосы» тағы екі ұпайға ие болып, жалпы турнирлік кестеде екінші орынға көтерілді.