Құранның 3 мың көшірмесін жағып жібермек болған пастор Терри Джонс қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Құранның 3 мың көшірмесін жағып жібермек болған пастор Терри Джонс қамауға алынды

Құранның 3 мың көшірмесін жағып жібермек болған пастор Терри Джонс қамауға алынды

Америкалық пастор Терри Джонс өзінің көмекшісімен бірге Құранның 3 мың көшірмесін жағып жібермек болған жерінде Малберриде (Флорида штаты) ұсталды, деп хабарлайды РБК.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 468
Фото - Caravan.kz


Қаланың шериф департаменті Джонс пен оның көмекшісіне қылмыс жасады деген айып тағылды деп хабарлады. Қазіргі уақытта Джонс пен оның көмекшісі қамауға алынды.

Ұсталған кезде пастор жүк машинасының жүргізуші кабинасында отырған. Ал көлікте керосин жағылған Құранның шамамен 3 мыңға жуық көшірмесі болған. Джонстың өзінің сөзіне қарағанда, 2001 жылы 11 қыркүйекте болған лаңкестіктің салдарынан қаза болған әр адам үшін ол 2 мың 998 кітапты өртеп жібергісі келген.