ТМД Атқару комитетінде Қазақстанның сауда саясаты талқыланды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ТМД Атқару комитетінде Қазақстанның сауда саясаты талқыланды

ТМД Атқару комитетінде Қазақстанның сауда саясаты талқыланды

Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесі жанындағы экономикалық мәселелер жөнінде Комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлады ТМД Атқару комитетінің баспасөз қызметі.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 600
Фото - Caravan.kz

Отырыс Беларусь елінің комиссиядағы өкілетті өкілі, Беларусьтің Ресейдегі елшісі Игорь Петришенконың төрағалығымен өтті. Оған ТМД мемлекеттерінің комиссиядағы өкілетті өкілдері, Атқару комитеті төрағасының орынбасарлары-ТМД Атқарушы хатшысы Анатолий Дронь мен Сергей Иванов қатысты.

Күн тәртібінде Достастық мемлекеттерінің экономика саласындағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері қаралды. Атап айтқанда, бірқатар жобалық құжаттар талқыға түсті: ТМД мемлекеттерінің гидрометеорологиялық қызметін дамыту Стратегиясын жүзеге асыру шараларының жоспары (бірінші кезең, 2013-2015 жылдар), негізгі механизмдер мен еңбекпен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру бағыттары мен жаңа жұмыс орындарын құру, мониторниг жүйесі мен ұлттық еңбек нарығының жағдайы мен бос жұмыс орындары жайлы ақпаратпен шұғыл алмасу, ТМД кеңістігінде еңбек етуші-мигранттардың құқықтарын реттейтін көпжақты үкіметаралық құжаттарды жүзеге асыру тетіктері қаралды.

Отырыста Әзірбайжан мен Қазақстан елдерінің сауда саясатына шолу жасалды.


Талқылау барысында айтылған ескертулерден кейін құжаттардың жобалары ТМД Экономикалық кеңесінің қарауына жіберіледі.