Астананың полиция қызметкерлері Ресейдің Түмен қаласында кісі өлтірген Шешенстан Республикасының тумасын ұстады, деп бүгін қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Шешенстанның 19 жастағы тумасы Асламбек Шаипов биыл 26 тамызда кикілжің кезінде 1991 жылғы азаматтың ішінен пышақ салған.
Кісі өлтіру фактісі бойынша ресейлік құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады.
Сәрсенбі күні күдікті Астанада ұсталды. Қазір ол уақытша оқшаулағышқа қамалды. Ұсталған азаматты экстрадициялау мәселесі шешілуде.