Бішкек ШЫҰ саммитіне дайын - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкек ШЫҰ саммитіне дайын

Бішкек ШЫҰ саммитіне дайын

3 қыркүйекте Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммитіне Ұйым елдерінің барлық басшылары қатысады.
           Шанхай ынтымақтастық ұйымына кіретін елдердің барлық басшылары Бішкекте өтетін саммитке қатысатындарын растады, деп «Интерфакс» агенттігіне Қырғызстан СІМ мәлімдеді.
           ШЫҰ елдерінің басшылары бүгін түстен кейін Қырғызстан астанасына келе бастайды. Бішкекте 10 қыркүйекте Қытай төрағасы Си Цзиньпин келеді.
           ШЫҰ-ның Бішкектік саммитінде Ұйымның бақылаушы елдері Ауғанстан, Иран, Монғолия президенттері де қатысады. Екі бақылаушы ел Пәкістан мен Үндістан делегацияларын осы елдердің үкімет министрлері басқарады. Мұнымен қоса, саммитте БҰҰ, ТМД, ҰҚКҰ, ЕурАзЭҚ өкілдері қатысалы.
           Бұған дейін паппарат басшысы орынбасары шеніндегі Қырғызстан президенті аппаратының сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Сапар Исаков «Интерфакс» мәлімдегендей, Бішкекте өтетін саммиттің негізгі тақырыбы 2014 жылы Ауғанстанда коалициялық жасақты қысқарту және шығару тұрғысынан аймақта қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелесі болмақ.
           Ауғанстанмен шекарасы ортақ кейбір елдер үшін аймақтық қауіпсіздікті қамтамачыз ету маңызды тақырып болып табылады және бәрі осы тақырыпты талқылауға мүдделілік танытып отыр.
           С.Исаков атап өткендей, саммит кезінде ұйым шеңберінлегі экономикалық ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде ШЫҰ банкін және ШЫҰ дамыту қорын құру мәселелері талқыланады.
           Мұнымен қоса, Сириядағы жағдай және юірқатар халықаралық проблемалар туралы мәселе қозғалады.
           Бішкекке бүгін келетін ШЫҰ елдерінің басшылары отырыс алдында бірқатар екіжақты кездесулер өткізеді.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 415
Фото - Caravan.kz