Бішкекте Н.Назарбаев пен В.Путин тағы бір рет кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бішкекте Н.Назарбаев пен В.Путин тағы бір рет кездеседі

Бішкекте Н.Назарбаев пен В.Путин тағы бір рет кездеседі

Бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров жеке және кеңейтілген құрамда кездесті.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 497
Фото - Caravan.kz


Е.Ыдырысов атап көрсеткендей, келіссөздер кезінде екі жақты ынтымақтастық байланыстарының сан саласы талқыланды. «Біз Қазақстан мен Ресей арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды күшейту мәселесіне басты назар аудардық. Бұдан бөлек, отын-энергетика, ғарыш және әскери-техникалық салада өзара ықпалдастық жайын қозғадық. Әрине, біз аймақтық мәселелерді де қарастырдық», — дейді Е.Ыдырысов.

РФ Сыртқы істер министрі С.Лавров өз кезегінде бүгінгі Қазақстан-Ресей байланыстарына екі ел президенттерінің ықпал етіп отырғанын ерекше атап өтті. «Биыл Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алты рет кездескен болатын. Ертең, Бішкекте өтетін Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында кезекті кездесу (екі ел президенттерінің — авт.) өтеді. Қазақстан мен Ресей басшыларының әр кездесуі біздің ынтымақтастық байланыстарымызға жаңаша серпін беріп отырады», — деп атап көрсетті С.Лавров.