Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлім етті.
«Бүгінде Ресей мен Қазақстан гуманитарлық бағытта тығыз жұмыс істеп келеді. Осы салада біздің халықтарды біріктіретін ортақ мүдделер көп. Ресей өз кезегінде Қазақстан басшылығының орыс тілі мен мәдениетіне, орыс халқының рухани дәстүрлеріне қолдау жасап отырғанын жоғары бағалайды. Бұған мен Астанадағы Успен соборына барған кезде көз жеткіздім», — деп атап өтті С.Лавров.