Е.Досаев: "Автокөлік салығын азырақ төлеу үшін оны қазірден бастап төлеп тастауға бел будым" - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Е.Досаев: "Автокөлік салығын азырақ төлеу үшін оны қазірден бастап төлеп тастауға бел будым"

Е.Досаев: "Автокөлік салығын азырақ төлеу үшін оны қазірден бастап төлеп тастауға бел будым"

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев қымбатшылықтан құтылу мақсатында көлік салығын осы бастан төлеуге бел буып отырған көрінеді.
           «Менің жеке автокөлігім қымбат машиналар класына жатады. Қазір мен ол үшін жыл сайын 212 мың теңге салық төлеймін. Оның қозғалтқышының күші – 4,3 литр», - деді ол журналистерге.
           «Алдағы жылдың салығын қазірден бастап төлеп, қымбатшылықты айналып өтпек ойым бар», - деп қосты ол.

  • 12 Қыркүйек 2013
  • 646
Фото - Caravan.kz


Сондай-ақ, Ерболат Досаев салықтың көтерілуі халықтың негізгі бөлігіне әсер етпейтініне сенімді.
           «Халықтың негізгі бөлігіне келер болсақ, салық заңдарына енгізіліп отырған өзгерістер оларға әсер етпейді. Тағы да қайталап айтамын: салық жүйесіндегі өзгерістердің оларға қатысы жоқ», — деді ол журналистерге.
           Сонымен қатар, министр жеке тұлғаларға салынатын мүлік салығын төлеуге Қазақстан халқының «шамасы жетеді» деп есептейді.
           «Орта есеппен, пәтерлердің 85%-ы туралы айтар болсақ, салық мың теңгеден 2,5 мың теңгеге дейін өседі. Бұл бүгінгі табысты есепке алсақ әр отбасының шамасы жететін дүние», — деді ол.
           "Енгізіліп отырған өзгерістерді халыққа түсіндіресіздер ме?"  деген сұраққа министр: «Мен жұмысты бастап та кеттім. Бірақ, тағы да қайталаймын, біз сән-салтанат салығы туралы айтып отырмыз. Азаматтар мен олардың көңіл-күйіне қатысты басқа салықтарға тиіскеніміз жоқ» деп жауап берді.