Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+35 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді

Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді

Ақтөбеде алып сәби дүниеге келді. Жаңа туған қыздың салмағы 6 келі 340 грамм. Ақтөбелік дәрігерлер мұндай жағдай өз тәжірбиелерінде бірінші рет кездесіп отырғандығын айтады.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 331
Фото - Caravan.kz

36 жастағы Бибігүл Тоқмамбетова кенже қызын мерзімінен кеш емес, айы-күні келгенде туған. Жүкті кезінде дәрігерлер жатырдағы шарананың ірі екендігін бірнеше мәрте ескертіпті. Сондықтан өздігінен емес, операцияның көмегімен босандырды. Анасы мен қызының жағдайы қазір жақсы. Есімін Алтынай деп қойыпты.   


Бибігүл Тоқмамбетова,
«Күміс алқа» иегері:  

— Өзім жалғыз баламын. Жолдасымда екі-ақ бала. Өзіміз баланы жақсы көреміз негізі. Осындай үлкен семья болсақ деп айтып жүретінбіз.