Көрші қырғыз елінің екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырды - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көрші қырғыз елінің екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырды

Көрші қырғыз елінің екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырды

Көрші қырғыз елі тағы да аты жаман аурумен күресуде. Бұл жолы Талас ауданы Ынтымақ ауылының екі тұрғыны сібір жарасын жұқтырып, мамандарды аяғынан тік тұрғызды.  

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 346
Фото - Caravan.kz


Бүгінде аталған ауылда екі апталық карантин жарияланып, ет өнімдерін алып шығуға шектеу қойылыпты. Қауіпті кесел сиырды бауыздау кезінде жұғуы мүмкін деген болжам айтылуда. Әзірге, осы індетке шалдыққан екі кісінің жағдайы қалыпты. Сондай-ақ олармен байланыста болған 9 адам қатаң бақылауда. Ал, алыс-берісі бар айырқалпақты ағайындар ауылынан шыққан дерттен біздің елге қаншалықты қауіп бар екені белгісіз. Анығы сол, Жамбыл облысының шекара бекеттерінде сақтық шаралары әлі қолға алынбаған.