Ресей Қазақстан басшылығының орыс тілі мен мәдениетін қолдап отырғанына алғыс айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+36 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ресей Қазақстан басшылығының орыс тілі мен мәдениетін қолдап отырғанына алғыс айтты

Ресей Қазақстан басшылығының орыс тілі мен мәдениетін қолдап отырғанына алғыс айтты

Қазақстан Сириядағы химиялық қаруды халықаралық қауымдастыққа бейбіт жолмен өткізу жоспарын қолдайды. Мұндай ұсынысты азамат соғысы жүріп жатқан араб елін қантөгістен құтқару үшін Ресей айтқан еді. Ал Вашингтон мен Мәскеу арасындағы ақпараттық соғыстың қызып тұрған шағында бүгін Астанаға осы шиеленістің басы-қасында жүрген Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров келді.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 372
Фото - Caravan.kz

Сыртқы саясаттағы ықпалды дипломаттардың бірі алдымен Ақордада Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Онда Сирия мәселесі қозғалмай қалмады. Бұл өзекті тақырып Сергей Лавров пен оның қазақстандық әріптесі Ерлан Ыдырысовпен жүздесуінде де көтерілді. Ресми Астана Башар Асад билігі химиялық бомбаларды халықаралық қауымдастыққа өз еркімен өткізуі тиіс деген Ресей бастамасына қолдау білдіретінін мәлімдеді. Бірақ соғысты аңсап отырған АҚШ бұған қатысты соңғы байламын бүгін Женевада айтуы тиіс. Ал     жұмыс сапары бар болғаны бірнеше сағатқа созылған Сергей Лавров Сирия түйткілінен бөлек, келіссөздер кезінде екі елдің өзара ынтымақтастығын да сөз етті. Ағынан жарылған мәртебелі мейман Қазақстанның орыс тілінің дамуына ерекше көңіл бөліп отырғанына алғысын білдірді.


Сергей Лавров, РФ Сыртқы Істер министрі:

— Қазақстан басшылығы орыс тілі мен мәдениетіне , орыс халқының дәстүріне ерекше қолдау жасап отыр. Мен бүгін Астанадағы шіркеуге барғанда осыған тағы бір рет көз жеткіздім.  Мұны біз жоғары бағалаймыз.