Қазақстанның сегіз боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 505.53
  • 593.44
+3 °C
Алматы
2025 Жыл
31 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанның сегіз боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына қатысады

Қазақстанның сегіз боксшысы әлем чемпионатының жартылай финалына қатысады

Сегіз қазақстандық боксшы Киевте өтетін жасөспірімдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына шығатын болды. Оған қатысу арқылы олар кем дегенде турнирдің қола жүлдесін иеленеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

  • 13 Қыркүйек 2013
  • 341
Фото - Caravan.kz

Бейсенбі күні ширек финал кездесулері өтті. Оның қорытындысы бойынша жартылай финалда Әлімжан Бескемпір (46 келі салмақ дәрежесі бойынша), Серік Теміржанов (48 келі), Стоян Мазур (50 келі), Бауыржан Темірхан (52 келі), Абылайхан Жүсіпов (57 келі), Рахат Маржықпаев (66 келі), Қадырбек Сәдірбек (70 келі) мен Дмитрий Зиско (80 келіден жоғары) өнер көрсетеді.


Атап өту керек, қазақстандық боксшылар жартылай финалға өткен спортшылар саны бойынша екінші орында тұр. Бірінші орында — Ресей құрамасы, олардан 10 адам жартылай финалға өтті. Ал үшінші орында — украиндықтар, олардың бес спортшысы өтті.

Киевтегі әлем чемпионаты 16 қыркүйек күні аяқталады.

Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера Перейти на сайт партнера